5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

ЕРМҰРАТ БАПИ: «БИЛІК ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЫҚЫЛАСЫ ҒАНА БІЗДІ ЖАСАМПАЗ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙ АЛАДЫ»

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазір мемлекеттілікті, Тәуелсіздікті, елдікті қауіпсіздендіру қам-қарекетін жасау бәрінен де маңызды екенін, сондықтан Президент ұлттық деңгейдегі саяси трансформация жасау реформасын ұсынғанын мәлімдеді.
«Мен бұл бастаманы толық және сөзсіз қолдаймын. Қоғамда билікті күшейту әрекеті жасалып жатыр деген жекелеген пікір бар. Жоқ! Бұл күшейтудің мәнін біз билікті күшейту арқылы Тәуелсіздікті, ұлттық мемлекетіміздің қауіпсіздігін күшейтіп жатырмыз деп түсіну керек. Әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Қазақстан осы өзгерістер әлемінде өз Тәуелсіздігін берік ете отырып, жаңа тәуекелдерге дайын болуы керек. Қазіргі геосаяси гәу-гәу асқынып бара жатқан әлемде біздің елдің мемлекеттік билігі бұрынғыдан да монолитті және біртұтас болуы керек. Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады», – деді депутат.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ШИПАЖАЙЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

AdiletTV

Шымкент қаласы: білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

AdiletTV

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Пікір қалдырыңыз