30.8 C
Shymkent
15 июля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Желіде бейнебақылау камераларының жазбасы тарады.
Онда жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызға жақындап, оны ұстап алып, қашуға тырысқаны көрсетілген.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімге қатысты шағым полицияға 1 ақпанда түскен. Онда жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, заңсыз әрекеттер жасамақ болғаны айтылған.
«Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді», — дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Қызбен психолог жұмыс істеуде. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп атап өтті полициядағылар.
Қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

ТЫНЫСБЕК ҚАЛМЕНОВ: ҒЫЛЫМ МЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА 8 АЙЛЫҚ СӘБИДІҢ ІШІНЕН ИНЕ ТАБЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз