adilettv

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТУҒАН КҮНІНЕ ДЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНУІ МҮМКІН

Үкімет мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру тәртібін кеңейтті. Тиісті қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа ережеге сәйкес, сыйақы тек қызметтік нәтижелер үшін ғана емес, мерекелік және жеке даталарға, оның ішінде туған күнге орай да тағайындалуы мүмкін.

Сонымен қатар сыйақы мына жағдайларда беріледі:

– қызметтік міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін;

– мінсіз және адал қызметі үшін;

– маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;

– кезеңдік жұмыс қорытындылары бойынша;

– шұғыл немесе жоспардан тыс тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін;

– Президент пен Үкімет тапсырмаларын жүзеге асырғаны үшін;

– егер тікелей лауазымдық міндетіне кірмесе, заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқаны үшін.

Сыйақы тағайындау кезінде қызметкердің жұмыс нәтижелерін бағалау көрсеткіштері ескеріледі. Ал әрбір мемлекеттік органның басшылығы сыйақы беру шартын, мөлшерін және тәртібін өз бетінше бекіту құқығына ие болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В КАЗАХСТАНЕ ПЕРЕСМОТРЯТ МЕХАНИЗМЫ ФИНАНСИРОВАНИЯ ЧАСТНЫХ МЕДИЦИНСКИХ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ

AdiletTV

Шымкенттік кәсіпкерлер мен сенатор білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

AdiletTV

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз