adilettv

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ЗОРЛАҒАН 64 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР 21 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлап, оның жүкті болуына себепкер болған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың шешімімен ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл ақпаратты судья Алтынбек Сабыров растап, сотталушының жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтінін хабарлады. Судьяның айтуынша, айыпталушының зейнет жасы ескерілген, әйтпесе заң бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді.

Айта кетейік, бұл сұмдық жағдай өткен жылдың 13 қазанында, 9-сынып оқушысының сабақ үстінде толғағы басталып, босанған кезінде белгілі болған. Кейін анықталғандай, қылмысқа күдікті ретінде қыздың әжесімен бірге тұратын ер адам ұсталған. Оған зорлау және жас баланы азғындау баптары бойынша айып тағылды.

Сонымен қатар, бұл істе жергілікті дәрігерлердің жұмысына қатысты да үлкен сұрақ туындады. Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жүктілік кезінде медициналық мекемеге үш рет барғанымен, мамандар оның жүкті екенін дер кезінде байқамаған. Қазіргі таңда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖАСАҒЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

Admin

ШЫМКЕНТТІК ЖАС МАМАН WORLDSKILLS SHANGHAI – 2026 ЧЕМПИОНАТЫНДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Admin

Шымкент қаласы: полицейлер жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған кездесу өткізді

Admin

Пікір қалдырыңыз