11.3 C
Shymkent
9 февраля, 2026
adilettv

АСТАНА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНА ЖАҢА ПРОКУРОРЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен Астана және Шымкент қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды.
Ведомствоның мәліметінше, Астана қаласының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов тағайындалды.
«Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары,  Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет етті. Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері», — делінген хабарламада.
Ал Шымкент қаласының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев тағайындалды.
«Елдос Сағиев Прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шучинск ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.
Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылғы тамыздан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған», — делінген ақпаратта.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСУ БАР

AdiletTV

Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 10 АЙДА 146 ІСКЕ АЗАЙДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз