11.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АҚИЫҒЫ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА 95 ЖЫЛ

Қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген, ұлттық рух пен адам жанының терең сырын жырларына арқау еткен ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ақынның шығармашылығы қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алып, бірнеше буын оқырманның рухани дүниесін байытып келеді.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері шынайылығымен, сыршылдығымен және терең философиялық ойымен ерекшеленеді. Ол туған жерге, ана тіліне, ел мен адам тағдырына деген сүйіспеншілікті биік көркемдік деңгейде жырлап, поэзияны халықтық болмыспен ұштастыра білді. Ақын мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеуге қызмет етіп келеді.
95 жылдық мерейтой – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа танытудың, оның шығармалары арқылы отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің маңызды кезеңі болып табылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

Admin

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ УЛЫ ГАЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз