adilettv

НИПАХ ВИРУСЫНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Нипах вирусының таралуына байланысты Қазақстанда мемлекеттік шекарадағы санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Тексеру шаралары барлық өткізу пункттерінде қатаңдатылды.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай тіркелген елдерден, соның ішінде Үндістаннан келетін жолаушыларға ерекше назар аударылуда. Олардың денсаулық жағдайы мұқият тексеріліп, қосымша профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Халықаралық әуежайларда төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге бағытталған арнайы оқу-жаттығулар өткізілуде. Сонымен қатар медициналық ұйымдар күшейтілген дайындық режиміне көшірілді: дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялау заттарының жеткілікті қоры жасақталған.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру деректері тіркелмеген. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИИ ПОМОЖЕТ СНИЗИТЬ НАГРУЗКУ НА ПЕДАГОГОВ В КАЗАХСТАНЕ

Admin

Биыл 102 арнасына азаматтардан 4 миллионнан астам өтініш түсті

Admin

В Шымкенте стартовала акция «16 дней активизма против насилия».

Admin

Пікір қалдырыңыз