16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

ПРЕЗИДЕНТ: БІЛІМ САЛАСЫНДА БІРҚАТАР ЖҮЙЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАР БАР

«Білім саласында бірқатар жүйелік проблемалар бар екенін Ұлттық құрылтай отырысында айттым. Олар жекеменшік білім беру ұйымдарын қолдауға да, мемлекеттің мектептер мен жоғары оқу орындарын қаржыландыру тетіктеріне де қатысты.
Білім саласындағы «экономизация», яғни қаржыны текке шашпай, жүйелі жұмсау үдерісін жалғастырған жөн. Бұл ретте балабақшадан бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейде мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін түбегейлі арттыруға баса мән беру қажет.
Маман даярлау ісі экономиканың нақты секторларында жасанды интеллекті мен жаңа технологияларды игеру қарқынына ілесе алмай отыр.
Оқу бағдарламалары мен стандарттары жаңарып үлгергенше, мамандықтар өзгеріп кетіп жатыр. Демек жай ғана IT-мамандардың санын көбейту және жалпы цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз.
Елімізге жасанды интеллектіні кез келген салада қолдана білетін кәсіби мамандар қажет. Олар нақты жұмыс орындарындағы еңбек өнімділігін арттырады.
Осыған орай Үкіметке жетекші компаниялармен бірлесіп, мемлекет пен жеке серіктестік негізінде Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығын құруды тапсырамын. Ол орталықты мемлекеттік емес компаниялардың консорциумы басқарғаны дұрыс. Өйткені бизнес тезірек бейімделеді әрі нарық талаптарын жақсы біледі.
Өз кезегінде, Үкімет ережелерді айқындап, ашықтық пен сұранысты қамтамасыз етуге, тиімді шешімдерді жаппай таратуға көмектесе алады».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясында «Street Food Fest» көше тағамдарының фестивалі ұйымдастырылды

Admin

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ҚҰРЫЛМАҚ

Admin

Инфрақұрылым мен логистика: ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдайтын жаңа кешендер

Admin

Пікір қалдырыңыз