adilettv

ПРЕЗИДЕНТ: «МЕНІҢ ШЕТЕЛГЕ САПАРЛАРЫМ ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІМ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ»

Президент:
«Менің шетелге сапарларым және инвесторлармен кездесулерім барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуына баса мән беру қажет.
Коммерциялық келісімдердің жалпы құны былтырдың өзінде шамамен 75 миллиард доллар болды. Жұмысты созбалаңға салу және қол қойылған келісімдерді орындамау деген мәселе болмауға тиіс. Бұл жұмысты орындауға Президент Әкімшілігі де жауапты.
Ашығын айту керек, бізде мынадай жағымсыз үрдіс пайда болды: жоғары басшылық деңгейіндегі келіссөздердің алдында өте белсенді жұмыс жүргізіледі, ал кейін тым-тырыс болып қалады. Мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғару керек. Үкімет мейлінше дербес болуды сұрады, дербестік берілді, енді іс жүзінде соны дұрыс қолдануы керек.
Қол қойылған әрбір құжат алдын ала сапалы түрде дайындалып, орындалу мерзімдері нақты айқындалуы қажет. Жұмыстың нәтижесі үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктеледі.
Мемлекет инвесторлар алдындағы міндеттемелерін толық орындауы керек. Елге сенім, іскерлік бедел осылай қалыптасады.
Үкімет Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеруге, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға баса мән бергені жөн».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №14 тірек пунктінде 11-айында жалпы 18 қылмыс тіркеліп оның ішінде 11 интернеттік аляқтық қылмыстары болса оның ішінде ҚР ҚК-ң 300 бабымен 2 қылмыс тіркеліп ашылды

AdiletTV

Түркістандықтар төлқұжатты қысқа мерзімде ала алады

AdiletTV

Город Шымкент: полицейские провели встречу, направленную на повышение правового образования молодежи и профилактику преступлений Городские стражи порядка провели встречу с молодежью в молодежном ресурсном центре на тему» Закон общий для нас с вами».

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз