adilettv

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ТАС ЖОЛДА КӨЛІК ӨРТЕНІП КЕТТІ

Ақтөбе облысында жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті. Жанып жатқан автокөліктен шыққан қара түтін алыстан көрінді, деп хабарлайды «Диапазон».
Оқыс жағдай Ақтөбе – Астрахань тас жолында, Қандыағаш қаласына жақын жерде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, аудан орталығынан оқиға орнына екі автокөлікпен 8 өрт сөндіруші, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілген.
«Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНДЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 21 ЖАСТАҒЫ НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ ЖЫНДЫХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз