adilettv

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Шымкент ҚПД Тұран АПБ-на қарасты №67 УПП-де жыл басынан бері құмар ойындардан аулақ болуға т.б жұмыстар атқарылып келеді.

AdiletTV

Салық төлеушінің дербес шоттарын жіберу

AdiletTV

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз