-1.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

«БАСЫМА ТАПАНША КЕЗЕДІ»

Бокстан Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев құзырлы органнан көмек сұрады. Айтуынша, оған шетелде отандастары қастандық жасаған.

Шыналиевтің сөзінше, 2025 жылдың мамырында Иманалиев Нұрлан мен Мұқашев Шыңғыс оны бапкерлік қызметке Ыстамбұлға шақырған. Елге оралған соң Шыңғыс бірнеше рет хабарласып, адамдарды ұрып-соғып, қол-аяғын сындыру керегін, ақша беретінін айтқан. Алайда ол бас тартқан.

Олар 2026 жылдың қаңтарында Шыналиевті тағы шақырып, бапкерлік мансап басталады деп уәде берген. Ыстамбұлға барған Шыналиевті олар қала маңындағы тастанды ғимаратқа апарып, өздерін ҰҚК қызметкері ретінде мойындатуға мәжбүрлеген. Сосын қарумен қорқытып, жалған ақпарат айтуға итермелеген.

Осылай деген Шыналиев құзырлы органдардан көмек сұраған еді.

Ал бас прокуратура бұл іске қатысты «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Қазір іс тергеу сатысында екен. Ал күдіктілерді Қазақстанға әкелу бойынша Түркия тарапына өтінім жолданыпты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӘСІПОРЫНДАРДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз