adilettv

РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ ЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Санкт-Петербург соты қазақстандық студент Гарри Азарянды екі жылға колония-қонысқа кесті. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы бойынша «терроризмді ақтау» айыбы тағылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Медиазона» басылымына сілтеме жасап.
Істің мән-жайы
Гарри Азарян өткен жылдың мамыр айында «Рабочая власть» ұйымының тағы бес мүшесімен бірге ұсталған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Ресейде билікті басып алуды және жаппай адам өлтіруді «жария түрде ақтаған».

Айыптау актісі студенттің манифестеріне емес, ұйымның ашық кездесулерінде сөйлеген сөздерінің стенограммасына негізделген. Бұл стенограммалар Google Drive-қа жүктеліп, үнемі өңделіп отырған.
Анасының пікірі мен сот процесі
Қарағандыда тұратын студенттің анасы Юлия Кучеренконың Власть басылымына айтуынша, ұйымның жиындары жасырын емес, ашық пікірталас алаңы болған. Ол ұйымға арнайы адам жіберіліп, стенограммалар мен жазбалардың соның көмегімен жасалғанын айтады.
Сотта Гарри Азарян алғашында кінәсін мойындамай, өз уәжін дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда кейінірек ол кінәсін мойындап, істі ерекше тәртіппен қарауды сұраған. Прокуратура студентті үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот оны екі жылға колония-қонысқа жіберу туралы шешім шығарды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: человек труда -Куаныш Сагналыулы

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫН БЕРУ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкентте «аула ішіндегі кездесу» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз