adilettv

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ ҚҰЛАП, БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ: ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР ШЫҚТЫ

11 ақпан күні Шымкенттің 11-шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған қайғылы оқиға бүкіл қаланы дүр сілкіндірді. Қар басқан ағаш бұтағы құлап, 4-сынып оқушысы жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға қалай болды?

Көршілерінің айтуынша, баланың анасы күндіз жұмысқа кеткен, ал бала аулаға ойнауға шыққан. Қасында тағы бір досы болған. Ағаш құлаған сәтте екінші бала қатты қорқып, қашып кеткен. Көшеде өтіп бара жатқан адамдар көмекке ұмтылғанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Полицияның ресми нұсқасы

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын ала болжамды жариялады:

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ойын кезінде кәмелетке толмаған бала үстінде қалың қар жиналған ағаш бұтақтарын өзіне қарай тартқан. Соның салдарынан қар массасы сырғып түсіп, артынша ағаш құлаған», — деп хабарлады ведомстводан.

Қайғылы жағдайдан кейін коммуналдық қызметтер шұғыл түрде аталған ауладағы ағаштарды кесіп, қарды тазалауға кірісті. Қаза болған бала №36 орта мектептің 4-сыныбында оқыған.

Қазіргі таңда:

Полиция тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның барлық жағдайын анықтауда.

Қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Әкімдік қаза тапқан баланың отбасына жан-жақты материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: полицейлер халыққа есеп беру кездесуін өткізіп интернет-алаяқтықпен күрес жұмыстары туралы айтты.

AdiletTV

ШЕТЕЛДІКТЕР ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІ ҚАЗАҚСТАННАН АЛЫП КЕТПЕК БОЛҒАН

AdiletTV

«ОЙ ДОДА» интеллектуалды ойыны өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз