adilettv

САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕН ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕРДЕН 500 МЛН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Салық төлемеген танымал блогерлерден 500 млн теңге өндірілді
Қазақстанда салықтан жалтарған 850-ге жуық танымал блогерден 500 миллион теңгеге жуық салық өндірді.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, камералық бақылаудың нәтижесінде олардың тапқан табысы үшін салықтан жалтарғаны анықталған. Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңбергеннің айтуынша, заң бұзушылыққа қарсы тиісті шара қолданылған.
«Мысалы, 2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті. Оның ішінде 850-ге жуық блогерлер болды. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 миллион теңгеге жуық салық өндірілді. Егер камералық бақылау туралы хабарлама орындалмайтын болса, салықтық тексеруге шығамыз. Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі», — деп түсіндірді ол.
Ерқанат Шыңберген блогерлердің бартер жасасу, сыйлық алуы табысқа жата ма деген сауалға жауап берді.
«Табыс тек ақшалай қаражат ретінде саналмайды. Белгілі бір мүлік болсын, сыйлық болсын әрдайым табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактлеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса бұларды, міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз», — деп жауап берді ол.
Түрлі мемлекеттік органдардан, банктерден алынған ақпараттар талданып, декларациялармен салыстырылады. Егер деректер декларацияда көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе, яғни, салық төлемеу немесе кірістерді азайтып көрсету секілді мәселелер байқалса камералық бақылау нәтижесі бойынша азаматқа хабарлама жолданады.
Хабарламаны орындаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, декларацияда сомаларды көрсетіп, тиісінше салық төлеу. Екінші тәсілі, егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіспесе, түсіндірме арқылы дәлелдеу мүмкіндігі бар. Ол үшін 30 күн беріледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР: СУИЦИД, ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ПЛАНШЕТТІК УДЗ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

ALTAY FOOD: новый игрок на рынке кондитерской продукции в Шымкенте

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз