adilettv

ГАЗ ҚҰБЫРЫ ӨТЕТІН КҮЗЕТІЛЕТІН АЙМАҚТАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ САЛДАРЫНАН АВТОКӨЛІК ӨРТЕНІП КЕТТІ

Бүгін таңертең «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Түркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылындағы газ құбыры маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған мамандар автокөліктің газ құбырының жерүсті тұсына соғылғанын анықтады. Құбырдың зақымдануы салдарынан газ алауы тұтанып, көлік құралы өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт тез арада сөндірілді.
Өртті ауыздықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында апаттықдиспетчерлік қызмет мамандары «Зертас» газ тарату қосынынан газды ажырату бойынша жедел жұмыс жүргізді. Тұтынушыларды газбен жабдықтау қалыпты тәртіпте жүзеге асырылып, абоненттерді көгілдір отыннан ажыратуға жол берілмеді.
«Халықтың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығы біз үшін анық басымдық болып табылады. Жағдай тұрақты бақылауда. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін қажетті нысан толық жарамды күйге келтіріледі», — деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ жергілікті өндірістік филиалынан.
Біз тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және газ құбырларын қорғау аймақтарындағы тәртіп ережелерін қатаң ұстануға шақырамыз.
Қосымша ақпарат мән-жайдың нақтылануына қарай ұсынылатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: компаниялар мен қонақүйлер сапа сертификатын алды

AdiletTV

город Шымкент: По отчету за 10 месяцев в контрольном пункте №34 Енбекшинского РОВД составлено 273 протокола и взысканы соответствующие штрафы.

AdiletTV

город Шымкент: По фактам мошенничества, незаконного изменения информации в базе данных и подделки идентификационных номеров транспортных средств расследуется 17 уголовных дел.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз