adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕР АДАМ САУ ӘЙЕЛІНІҢ АЯҚ-ҚОЛЫН МАТАП ЖЫНДЫХАНАҒА ЖАТҚЫЗҒАН

Түркістан облысында ер адам сау әйелінің аяқ-қолын матап жындыханаға жатқызған.
18 жыл отасқан әйелін психикалық диспансерге қинап алып барған Ділмұрад Ибрагимов 9 жылға сотталды. Ал оған көмектескен достары 8 жылға сотталды.
Айыптау орнында отырған үшеуі осыдан екі жыл бұрын 35 жастағы әйелді үйінде қамсыз жатқан жерінен, қол-аяғын матап психикалық диспансерге алып келген. Түркістаннан Шымкентке дейін аузы мен аяқ-қолы байланып келген Дияра Ибрагимова сотталушылардың бірінің әйелі. Үйде болған жанжалдан соң отағасы жан-жарын осылай жазаламақ болған екен.

“Қылмыстық құқықбұзушылықтарды жиынтығымен онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті оған 9 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын. Ибрагимовке қолданылған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол дереу сот залынан қамауға алынсын”, – деді Түркістан қаласы ауданаралық сотының судьясы Санжар Қойшыманов.

Әйелін тәртіпке салмақ болған төрт баланың әкесі мен оның достарына прокурор 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған екен. Адам ұрлап, оны мәжбүрлеп психикалық диспансерге жатқызған Дияраның күйеуі 9 жылға сотталса, досына көмектесемін деп басы бәлеге қалған екеуі енді 8 жылын түрмеде өткізеді. Үкіммен келіскен келіншек енді орталық дәрігерлерін сотқа беремін деп отыр.

Айта кетейік сотталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Кәмелет жасына толмаған перзенттері қазір Дияраның қарауында. Сот жәбірленушіге моральдық өтем ретінде 11 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ҚЫЗ БОЙЖЕТКЕНДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

AdiletTV

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ «ӘПКЕ» ДРАМАСЫН САХНАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз