13.3 C
Shymkent
19 февраля, 2026
adilettv

СЕССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда, күн тәртібінде табиғи және техногендік апаттың алдын алу, көктемгі жауын-шашын кезеңіне дайындық мәселелері, қалалық денсаулық сақтау басқармасының өткен жылғы есебі қаралды. Сессияға қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты.

Алдымен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Жабаев өткен жылғы атқарылған жұмыстар және биылғы жоспарлардан хабардар етті. Оның мәлімдеуінше, былтыр жедел қызметтер кешені құрылысы жүргізіліп, қызметтік формалар алынған. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Қазіргі уақытта көктем мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар орындалған. Бөгеттер мен суқоймаларда жағдай тұрақты.
Сессияда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалыбеков өткен жылғы жүзеге асқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша Шымкент республикалық деңгейден жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Қазақстан бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлер саны 40,6 болса, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 41,6-ға тең
Жалпы алғанда, Шымкент қаласында медициналық инфрақұрылым жүйелі түрде дамып, халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға басымдық беріліп келеді. Жиында аталған екі мекеменің есебін депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді. Сондай-ақ, сессияда мәслихат шешіміне бірқатар өзгерістер енгізілді. Сессияда қала әкімінің орынбасары А.Сәбитов маңызды шешімдер қабылданғанын айта келе, ендігі ретте 15 наурызға белгіленген Референдумды өз деңгейінде өткізуге шақырды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ сыбайлас жемқорлық қылмыстарына бағытталған идеологиялық жəне тəрбие жұмыстары жүргізілуде

AdiletTV

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРОГОЛОСОВАЛ НА РЕФЕРЕНДУМЕ ПО АЭС

AdiletTV

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

Пікір қалдырыңыз