16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
adilettv

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚҚА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Астана қаласының прокуратурасы сотта ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғынға қатысты мемлекеттік айыптау қолдау тапты.

Кінәлі тұлға Instagram әлеуметтік желісінде тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнамалық хабарландырулар орналастырған.

Азаматтарды жаңылыстырып және олардың сенімін теріс пайдалана отырып, ол жәбірленушілерден ақшалай қаражат алып, оларды өз мүддесіне жұмсап, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы қағидатты әрі дәйекті ұстаным танытып, сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды және бас бостандығынан айыру түріндегі нақты жаза тағайындау қажеттігін негіздеді.

Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде аса сақ болуға, интернеттегі жеңіл табыс, арзан турлар мен инвестициялар туралы ұсыныстарға сенбеуге, әлеуметтік желілер арқылы қызмет ұсынатын тұлғаларды мұқият тексеруге және алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛУДЕ

Admin

«ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙТЫНЫН АЙТҚАН ОҚУШЫЛАР БАР»: АЙМАҒАМБЕТОВ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Admin

Пікір қалдырыңыз