10.3 C
Shymkent
24 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері азаматтық қорғау капитаны – Шәріп Асқар Рысбекұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.

Елімізде 25-27 ақпан аралығында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі нұсқауларына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты Шымкент қаласының аумағында оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша арнайы ұйымдастырушылық нұсқаулық әзірленіп, қала әкімінің бекітуіне ұсынылды.
Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – 2026 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда төтенше жағдайларды жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыруға дайындықты пысықтау.
Іс-шара барысында департамент базасында жедел қалалық штаб құрылып, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелері жоғары дайындық режиміне көшіріледі. Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету мүмкіндіктері тексеріледі. Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар кең көлемде жүргізіледі.
Практикалық бөлім шеңберінде қала аумағында су басу қаупі жоғары учаскелерде 9 оқу-жаттығу нүктесі белгіленген. Атап айтқанда, Абай ауданында – 2, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 3, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 2 нүктеде оқу-жаттығулар өтеді. Сонымен қатар бір нысанда Шымкент қаласының күштері мен құралдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол платформалары арқылы инженерлік және өзге де техникаларды тиеу-түсіру жұмыстарын пысықтайды.
Бұдан бөлек, шұғыл ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау және қабылдау пункттерін өрістету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын Түркістан облысына жедел жіберу мәселелері тәжірибеде қарастырылады. Бұл ретте жеке құрамның Түркістан облысы аумағында автономды жағдайда әрекет етуге толық дайын болуы маңызды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРОБЛЕМА ТРЕХСМЕННОГО ОБУЧЕНИЯ В ГОРОДЕ ПОЛНОСТЬЮ РЕШЕНА

AdiletTV

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ ағымдағы жылдың 11 айында, аудан өлемінде 90-нан аса профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді.

AdiletTV

АЛМАТЫЛЫҚ БИЗНЕМЕННІҢ ӘЙЕЛІ КҮЙЕУІНІҢ ҚУДАЛАУЫНАН ЗАРДАП ШЕГЕТІНІН ХАБАРЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз