13.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЙ КӨТЕРЕТІН НЫСАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында бой көтеріп жатқан әрбір нысанның сәулеті мен сапасына ерекше мән беріледі. Әлеуметтік нысандардың сәулеттік жобасы арнайы штаб отырысында тұрақты қаралуда.

▪️Бүгін кезекті рет Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулетттік жобалар бойынша штаб отырыс өтті. Күн тәртібінде Ордабасы ауданындағы Төрткөл елді мекенін абаттандыру, Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандардың қасбетін жаңғырту және облыстық филармония ғимаратының жобасы қаралды.

Возможно, это изображение текст

▪️Облыс әкімі жобаларды іске асыруда заманауи әрі бірегей сәулеттік шешімдерге басымдық беруді, ұлттық нақышты сақтауды тапсырды. Абаттандыру жұмыстарында сапаға ерекше мән беріп, тұрғындардың пікірін ескеру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, құрылыста тиімді әрі сапалы материалдарды қолдану бойынша нақты тапсырмалар берді.
▪️Жиында Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов Төрткөл ауылының аумағын абаттандыру жобасын таныстырды. Нақтырақ айтқанда, елді мекеннің орталық көшелерін абаттандыру, демалыс орындарын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, жол бойындағы сауда орындарын ретке келтіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
▪️Түркістан облысының құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандардың қасбетіне қатысты жоба эскиздерін таныстырды. Атап айтқанда, елді мекендерде салынатын спорт және сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, кітапханалар, мұражайлар мен ауылдық клубтардың сыртқы келбетін бірыңғай стильде салу мәселесі қозғалды.
Возможно, это изображение телевизор и текст
▪️Сонымен қатар жиында Түркістан қаласында бой көтеретін облыстық филармония ғимаратының жобасы туралы ұсыныстар айтылды. Ғимараттың сыртқы сәулеті мен нысан алаңы, көрермендерге қолайлылығы, автотұрақ және көгалдандыру мәселелері талқыланды. Жалпы 500 орындық мәдени нысан 3,79 гектар аумақта орналаспақ. Жобада филармония ғимараты дәстүрлі шығыс архитектурасының нақыштарын заманауи сәулеттік шешімдермен үйлестіре отырып, ерекше келбет қалыптастырылған.
▪️Облыс басшысы жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне ұсынылған жобаларды жетілдіріп, белгіленген мерзімде нақты жоба ұсынуды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МИНИСТЕРСТВО ТРАНСПОРТА ПРИСТУПИЛО К РЕАЛИЗАЦИИ ПОРУЧЕНИЙ ПРЕЗИДЕНТА ПО РАЗВИТИЮ АВТОДОРОЖНОЙ СЕТИ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжде “ Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасы “бойынша кездесу өтті.

AdiletTV

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз