19.3 C
Shymkent
10 сентября, 2026
adilettv

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚИНАҒАН

Алматыда ата-аналар ерекше қажеттілігі бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соқты деп айыптаған коррекциялық орталық қызметкері қамауға алынды. Бұған дейін Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасы коррекциялық орталықтардың бірінің қызметкеріне қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

“Жедел-тергеу шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, куәгерлер мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.

Желіде Алматыдағы орталықта балаларды қинап жатқан видео тараған еді. Онда ол ерекше қажеттілігі бар балалардың қолын қайырып, күш көрсеткені көрінген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ – 2025 ЖЫЛ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

Торговля без границ: Потенциал приграничной торговли

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз