29.8 C
Shymkent
10 июня, 2026
adilettv

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ОМАН СҰЛТАНЫ ХАЙСАМ БЕН ТАРИҚ ӘЛ САИДПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.
Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.
Бұл ретте Президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ.
Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА МӘРТЕБЕСІН АЛҒАНАН КЕЙІНГІ (2018–2025) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

AdiletTV

Шымкентские полицейские провели антинаркотические мероприятия в городских школах.

AdiletTV

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ: ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАР ПАРКІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз