23.3 C
Shymkent
25 апреля, 2026
adilettv

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ

Шымкент қаласында жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіруге арналған ашық кездесулер жалғасуда. Осындай кездесулердің бірі қалалық кардиологиялық орталықта ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа Конституция мен алдағы референдумның негізгі қағидаттары мен маңызы түсіндірілді.
Кардиоорталық ұжымы алдында А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры Еркінбек Жалбұров сөз сөйледі. Ол осыдан отыз жыл бұрын қабылданған қолданыстағы заң қазіргі қоғамның сұранысына толық жауап бере алмайтынын, сондықтан жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындағанын атап өтті.
«Негізгі идея қарапайым: мемлекет азаматқа қызмет етеді. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін. Сондықтан 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум Қазақстанды ауқымды жаңғыртудың бастамасы болмақ. Бұл жай ғана рәсім емес, әрбір адамның қоғамдағы орны айқындалған жаңа жүйені қалыптастыру», — деді Еркінбек Жалбұров.
Спикер құжаттың мазмұнына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, арнайы комиссияның жұмысы және азаматтардан түскен ұсыныстарды талдау нәтижесінде мәтіннің 84 пайызы жаңартылған. Бұл әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын толық енгізуге мүмкіндік берген.
«Бастапқыда жекелеген толықтырулар енгізу жоспарланған еді. Алайда халықтан түскен ұсыныстар легі өте ауқымды болғандықтан, комиссия елге жаңа Конституция қажет деген қорытындыға келді. Жаңа мәтінде 11 бөлім және 96 бап бар. Құжаттың преамбуласы да толықтай қайта қаралып, онда Әділетті Қазақстан идеясы, шекаралардың мызғымастығы және инновациялар мен ғылымға бейілділік бекітілген», — деп түсіндірді Еркінбек Жалбұров.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту, халықаралық әріптестікті нығайту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ASHMORE GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ МАРК КУМБСТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Шымкенттік полицейлер реттелмеген мәртебесі бар адамдарды анықтау іс-шараларын өткізуде

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз