19.3 C
Shymkent
10 сентября, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Шымкент қаласында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қала тұрғындары, әсіресе, жастар бұл бастамаға белсенді қатысып, табиғатты аялау мен тазалықты сақтау ісіне өз үлестерін қосуда.
Осы бағытта бүгін Шымкент қаласындағы №24 мектепте «Таза қала» тақырыбында арнайы экологиялық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіріп, әрбір азаматтың туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажеттігін айтты.
Педагогтердің айтуынша, мұндай сабақтардың негізгі мақсаты – жастарды қалалық экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға тарту, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық тұрғыдан жауапты өмір салтын дәріптеу.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Азимед» медициналық колледжінде «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын барысында белсенді студенттер табиғатты қорғау, қаланың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Олар тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ОТБАСЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

AdiletTV

КЕНТТЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

AdiletTV

ПАВЕЛ ДУРОВТЫҢ ҮСТІНЕН ТЕРРОРИЗМ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз