14.3 C
Shymkent
7 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАРАЛД

Түркістанда өңірдегі білім сапасын арттыру, басқару тиімділігін күшейту және білім беру ұйымдарының жұмыс нәтижелерін бағалау мәселелері кеңінен талқыланған жиын өтті.

Маңызды басқосуға облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов, облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Қалдыкөзұлы, басқармаға қарасты ұйымдар мен аудан, қала білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиында аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызмет тиімділігін бағалау бойынша рейтинг қорытындысы қаралды. Бағалау білім сапасы, тәрбие жұмысы, басқару тиімділігі, құқықтық тәртіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сервистік қызмет және санитарлық қауіпсіздік көрсеткіштері негізінде жүргізілді. Нәтижесінде кейбір өңірлерде басқару жүйесін жетілдіру қажеттігі анықталды.
Сонымен қатар оқу сауаттылығын арттыру, мектептердегі психологиялық қауіпсіздікті күшейту, қосымша білім беру жүйесін дамыту және колледждердің жұмысын жетілдіру бағыттары талқыланды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалау мәселесі де қаралды.
Возможно, это изображение отдел новостей и текст
Жиын қорытындысында білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының жұмысын рейтинг арқылы бағалау, төмен нәтиже көрсеткен өңірлер бойынша нақты шаралар қабылдау, кадр әлеуетін күшейту және басшылардың жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ДӘМДӘСTOUR ӨТТІ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз