Түркістан облысының Мақтаарал ауданында табиғи газдандыру жұмыстары толық аяқталып, аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Өткен аптаның соңында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекені соңғы болып табиғи газ жүйесіне қосылды. Осылайша аудандағы 68 елді мекеннің барлығына газ жеткізіліп, көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба өз мәресіне жетті.


