17.3 C
Shymkent
26 апреля, 2026
adilettv

BURGER KING KAZAKHSTAN-ДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ДАУЫНАН КЕЙІН КОМПАНИЯ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Burger King қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады.
Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде жүргізілді. Тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталды.

“Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар, ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен қамтамассыз етпеген. Ал персонал еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады.

“Тексеру қорытындысы бойынша «QSR» ЖШС-не барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді. Заңды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жағдай жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқамадағы шаралар орындалғанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады”, – делінген хабарламада.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ ОРЫНДА: «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ МЕН TSARKA АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САММИТТІҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

AdiletTV

Город Шымкент: Проводится акция «Я твой участковый инспектор»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз