21.3 C
Shymkent
10 сентября, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ UFC 326 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операциялар күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бразилиялық спортшы Рафаэль Тобиаспен болған тартысты жекпе-жекте қарсыласынан басым түсті.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Дияр Нұрғожай жеңіске жетті (30-27, 29-28, 29-28). Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Рафаэль Тобиас кәсіби ММА-да екінші рет жеңілді.
Бұл кездесу файтер үшін UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жек болды. Қазіргі уақытта оның кәсіби ММА рекорды 13 жекпе-жек, 11 жеңіс, 2 жеңіліс (11–2) көрсеткішінде тұр. Дияр Нұрғожай 93,4 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Дияр Нұрғожай – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Панкратионнан әлем чемпионы, ММА-дан Азия чемпионы, Eagle FC лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы, UFC ұйымының файтері.
2024 жылғы қазан айында Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде жеңіске жетіп, кейін UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойған болатын. Қазақстандық спортшының UFC-де көрсеткен нәтижесі мен халықаралық аренадағы жетістіктері оның келешектегі матчтардағы мүмкіндіктерін айқын көрсетіп отыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

6 ЗАҢ ҚАБЫЛДАНЫП, 10 ЗАҢ ЖҰМЫСҚА АЛЫНДЫ: ЕРЛАН ҚАРИН БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ТОҚТАЛДЫ

AdiletTV

23 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ

AdiletTV

Шымкент қаласындағы 500 МВт парогазды электр станциясы: қаржылық және экономикалық тиімділігі туралы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз