25.3 C
Shymkent
14 августа, 2026
adilettv

ТАЛҒАРДЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТТЕН КЕТКЕННЕН КЕЙІН ТАКСИ ЖҮРГІЗІП ЖҮР

Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» ток-шоуына берген сұхбатында айтты.

Экс-әкімнің сөзінше, қазіргі уақытта ол түнгі сағат үшке-төртке дейін жолаушы тасымалдаумен айналысады. Көліктің өзінікі емес екенін, оны жалға алып айдайтынын және күніне 18 500 теңге көлемінде «жоспар» орындайтынын атап өтті.

«Үйде жай отыруға ұялдым, бала-шағамды асырау керек», – деді 42 жастағы бұрынғы шенеунік.

Арыстанбек Әбілқайырұлы биылғы жылдың ақпан айында денсаулығына байланысты қызметінен кететінін хабарлаған болатын. Сұхбат барысында ол жүрегінде ақау бар екенін және ішкі құрылыс мүшелерінің сыр бергенін жеткізді. Оның айтуынша, денсаулығының нашарлауына әкесінің қазасынан кейінгі стресс пен 100 мыңнан астам халқы бар Талғар қаласының қордаланған мәселелерін шешу кезіндегі жүйке жұқаруы себеп болған.

Арыстанбек Әбілқайырұлы әкім болғанға дейін аудандық мәслихат депутаты қызметін атқарған. Өткен жылдың желтоқсан айында ол кардиологиялық орталықта тексерістен өтіп, ем қабылдаған. Экс-әкім алдағы уақытта денсаулығы түзелсе және ұсыныс түссе, мемлекеттік қызметке қайта оралуға дайын екенін де атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» өкілдерімен маңызды кездесу өткізді

AdiletTV

Шымкент встречает зиму во всеоружии: тепло, уголь и контроль под рукой

AdiletTV

«Мектепке жол» акциясына 2,6 миллиард теңге бөлінді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз