adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

📍Орал қаласында 23 ақпан-2 наурыз күндері аралығында садақ атудан жасөспірімдер мен балалар арасында ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер өзара мықтыны анықтады.

▪️Аталған додада Түркістан облысының намысын қорғаған Б.Саттарханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің садақ ату бөлімінің спортшысы бәйдібектік Қыдырәлі Бақытжан жекелей сайыста тамаша өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, командалық сайыста да түркістандық мергендер жүлделі орыннан көрінді. Мектеп спортшылары қазығұрттық Бекнұр Игілік, сарыағаштық Эльдар Рахым және келестік Бейбіт Магаматкул топтық сында қола жүлдегер атанды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ПӘТЕРДЕН БІР ОТБАСЫ ГАЗҒА УЛАНЫП КӨЗ ЖҰМДЫ

AdiletTV

ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

AdiletTV

Шекарашы кітапхана қорына кітаптар сыйлады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз