15.3 C
Shymkent
17 марта, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТ: «ЖАРАПАЗАН FEST» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай «Жарапазан Fest» атты республикалық байқауы өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек
Дүбірлі додаға республикамыздың әр өңірінен келген өнерпаздар қатысты. Атап айтқанда, Түркістан облысының аудандары мен Түркістан қаласынан, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының үміткерлері бақ сынады. Қатысушылар төл өнеріміз – жарапазан айту дәстүрін жаңғыртып, оны өзіндік нақышына келтіре орындап, көрермен ілтипатына бөленді. Екі кезеңнен тұрған байқау барысында өнерпаздар жарапазан жырын орындап қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл кезең қатысушылардың тек орындаушылық шеберлігін емес, сонымен қатар ұлттық таным-көкжиегін де саралап берді.
Возможно, это изображение текст
Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет үздігі, республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші және термеші Жақып Спатаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Абылай Бөріханов, сондай-ақ айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов болды. Қазылар алқасы үміткерлердің өнеріне жоғары баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды:
• Бас жүлде – «Тұғыр» квартеті (Жетісу облысы)
• І орын – «Арша» тобы (Түркістан облысы, Түлкібас ауданы)
• ІІ орын – «Созақ серілері» (Түркістан облысы, Созақ ауданы)
• ІІ орын – «Шымкент серілері» (Шымкент қаласы)
• ІІІ орын – «Талас толқыны» (Жамбыл облысы, Талас ауданы)
• ІІІ орын – «Жуалы» тобы (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы)
Ынталандыру сыйлығы:
• «Достар» тобы (Алматы қаласы)
• «Көне» триосы (Түркістан қаласы)
• «Жылыой» тобы (Атырау облысы)
Арнайы жүлде:
• «Салауат» тобы (Қызылорда облысы)
• «Төлеби қырандары» (Түркістан облысы, Төлеби ауданы)
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен және сертификаттар табысталды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

AdiletTV

«Игі істер марафоны» жобасы 1 наурыздан бастап жалғасады

AdiletTV

Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз