16.3 C
Shymkent
20 марта, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 50 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Шымкентте Наурыз мейрамы қарсаңында 50 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды. Бұл әлеуметтік маңызы зор іс-шара азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылып жатқанының тағы бір дәлелі.

Салтанатты кілт табыстау рәсімі «Көрме» орталығында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, баспана мәселесін шешуде мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
Айта кетейік, көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Пәтерлер үй кезегінде тұрған және «Отбасы банк» АҚ «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді.
Пәтерлерді үлестіру кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінді. Баспаналы болғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Возможно, это изображение один или несколько человек и свадьба
Бұл жүзеге асырылып жатқан бастамалардың атаулы және әлеуметтік бағыттағы сипатын тағы бір рет айқындайды. Мұндай жобаларды іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Айта кету керек, Шымкент тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету жүйелі түрде жалғасады. Құрылыс көлемін кезең-кезеңімен арттыру және мемлекеттік бағдарламалардың қамту аясын кеңейту арқылы қала тұрғындары баспана жағдайын жақсарта алады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ИДЕЯЛАРЫ АЯСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз