16.3 C
Shymkent
20 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

Шәмші ауылында жүзеге асып жатқан тың жоба – Otyrar GeoBanana жылыжай кешенінде 0,03 гектар аумақта банан өсіру ісі қолға алынды.
Осы ретте, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы банан өсіруді бастаған ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында арнайы барып, жылыжай кешенінің тыныс-тіршілігін көрді. Жоба аясында енгізілген заманауи агротехнологиялар мен тиімді басқару жүйелеріне оң бағасын беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында аудан басшысы кәсіп иесі Кенжебаев Рамазанға сәттілік тілеп, мұндай бастамалардың өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және экономиканың өсіміне елеулі үлес қосатынын жеткізді.
Аталған жоба жаңа бағыттағы өнім өндіруге жол ашып, импортты алмастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру арқылы ауыл экономикасының дамуына серпін береді.
Бұл – Отырар өңірінде ауыл шаруашылығы саласына енгізілген тың тәжірибе, жаңа мүмкіндіктер мен даму көкжиегін кеңейтетін маңызды бастама!
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮДАН БАСТАП, МИНАЛАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ДЕЙІН: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕРІ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ АТЫНА АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПТАН ХАТ КЕЛІП ТҮСТІ.

AdiletTV

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз