adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
✔️Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
▪️Нұрымбет Сақтағанов:
➤ 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты.
✔️Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар.
✔️Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеге жуықтады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 миллиард теңгеден, ал сауда саласында 2 460 миллиард теңгеден асты.
✔️407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылды.
➤ Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отырғаны жөнінде мәлімдеді.
✔️Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді.
✔️Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр.
✔️Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды.
‼️Мемлекет басшысы:
📌Экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 2025 ЖЫЛ ШЫМКЕНТ ҮШІН ТҰРАҚТЫ ӨСІМ ЖЫЛЫ БОЛДЫ

AdiletTV

11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ МҮГЕДЕК ҚЫЛҒАН ЖҮРГІЗУШІ КЕШІРІММЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛЫП КЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз