adilettv

ӨСКЕМЕННІҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР 6 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Адырна» агенттігі хабарлады.

Сот оны ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу деректері бойынша кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, Омарға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімінің 1 және 2-тармақтары (ірі көлемдегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша айып тағылған.

Сот отырысында соңғы сөзін айтқан Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптардың бір бөлігін жоққа шығарды. Ол ақша бопсалау фактісі болмағанын мәлімдеп, соттан жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.

«Мен ақша бопсалаған жоқпын. Қорғаушыларым айтқан жағдайларды жеңілдететін жайт ретінде қарастыруыңызды сұраймын», – деді ол.

Сонымен қатар, бұрынғы әкім өзін бас бостандығынан айырмауды өтініп, мемлекетке пайда әкелгісі келетінін жеткізді.

«Мен мемлекетке масыл болғым келмейді. Керісінше, өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеуге дайынмын», – деді айыпталушы.

Алайда сот бұл уәждерді ескермей, оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұдан бөлек, оған тиесілі Toyota Camry 75 маркалы автокөлік тәркіленіп, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТІП, ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

AdiletTV

ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ЖЕТІ СӘНДІ КӨЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУҒА 93 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАМАҚ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз