adilettv

БҮГІН НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫНЫҢ ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУГЕ КЕЛГЕНІНЕ ТУРА 4 ЖЫЛ ТОЛДЫ.

Осы уақыт аралығында Мемлекет басшысының қолдауымен аймақтың келбеті түбегейлі өзгеріп, Қызылорда жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл жылдарды өңір үшін серпінді өрлеу дәуірі деп толық сеніммен айтуға болады.
🔹 Инфрақұрылым және құрылыс
Соңғы жылдары қала мен елді мекендерде бұрын-соңды болмаған қарқында құрылыс жүрді.
– 11 мың орындық заманауи стадион салынды
– Қорқыт ата әуежайы жаңғыртылды
– Өнер орталығы, Достық үйі, жаңа автовокзал ел игілігіне берілді
– Қалалық парк пен орталық алаң жаңаша кейіпке енді
– Президент паркі мен «Анаға тағзым» орталығы ашылды
– Сол жағалауда жаңа емхана бой көтеруде
– Биік тұрғын үйлер салынып, мыңдаған отбасы баспаналы болды
🔹 Жол және көлік
Көлік инфрақұрылымы да жаңа деңгейге шықты.
– Қала ішінде 4 жолақты жаңа даңғылдар пайда болды
– Жезқазған бағытына апаратын жол толық аяқталды
– Қызылорда – Ақтөбе автодәлізінің құрылысы басталды
– Теміржол вокзалдары жаңартылды
– Автобус паркі жаңарып, қоғамдық көлік сапасы артты
– Жедел жәрдем қызметі толықтай автокөлікпен қамтамасыз етілді
🔹 Өндіріс және экономика
Экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадамдар жасалды.
– Кірпіш және нан зауыттары іске қосылды
– Сырдарияда жүгері зауытының құрылысы басталды
– Газ-электр станциясы мен ТЭЦ жобалары қолға алынды
– Өңірге ірі инвестициялық жобалар тартылды
🔹 Білім және мәдениет
Рухани және білім саласы назардан тыс қалған жоқ.
– 10 «Келешек мектебі» ашылды
– Музыкалық колледж, Оқушылар үйі пайдалануға берілді
– Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат іске қосылды
– Барлық аудандарда Руханият орталықтары салынды
– Құзіреттілік орталығы жұмысын бастады
– Драма театр мен әмбебап кітапхана жобалары қолдау тапты
– «Сыр жұлдыздары» шығармашылық бастамалары жүзеге асуда
🔹 Денсаулық сақтау
Медицина сапасы жаңа деңгейге көтерілді.
– Аудандар КТ және МРТ аппараттарымен жабдықталды
– Ауылдарда 28 ФАП салынды
– Перинаталдық орталық пен жаңа емханалар бой көтеруде
– Жедел жәрдем толық жаңартылды
🔹 Коммуналдық және әлеуметтік сала
Халықтың өмір сапасын жақсарту басты назарда болды.
– Ауылдарды газдандыру қарқын алды
– Қалаға ыстық су жүйесі енгізілді
– Көшелер жөнделіп, жарықтандырылып, абаттандырылды
Бұл – аз уақыттың ішінде атқарылған ауқымды істердің бір бөлігі ғана. Нұрлыбек Машбекұлының басқару стиліне тән нақты нәтиже мен жүйелі жұмыс Қызылорданың даму қарқынын айқын көрсетіп отыр.
Алда бұдан да үлкен жобалар бар. Демек, Сыр өңірінің әлеуеті әлі талай еселене түспек.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

AdiletTV

ТУЫСТЫҚ ДОНОРЛЫҚ: ІНІСІ АҒАСЫНА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз