adilettv

ШЫМКЕНТ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында тұрғындарды негізгі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде қаладағы 81 елді мекеннің барлығы дерлік ауыз су және электр энергиясымен толық қамтылған.
2025 жылы Қызылжар-2, Ақжайық және Тұран шағын аудандарында ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 32 шақырым су құбыры тартылып, Текесу мен Айкөл елді мекендері орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізді. Нәтижесінде 11 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 100%-ға жетті.
Электрмен жабдықтау саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Қаладағы барлық 81 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. 2025 жылы 7 елді мекенде электр желілері жаңартылып, Ақжар, Бадам және Тұран қосалқы стансаларының құрылысы жүргізілді. Бұл өз кезегінде 13 мыңнан астам тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы құрылысы созылған Ақжар 110 кВ қосалқы стансасы толық іске қосылып, бірнеше елді мекен мен индустриалды аймақтарды тұрақты электр қуатымен қамтуға жол ашты. Алайда қала аумағының қарқынды өсуіне байланысты жаңа құрылыс аймақтарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Қазіргі таңда бірқатар елді мекендер бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті сараптамалар жүргізілуде.
Жалпы алғанда, Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар халықтың өмір сапасын арттыруға және қаланың тұрақты дамуына негіз болып отыр.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАМАМЕН 200 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ҚИРАП ЖАТЫР

AdiletTV

Құрметті Куртаева Балжан Сейтжанқызы!

AdiletTV

ЖЕРЛЕНГЕН ӘЙЕЛ БІР АЙ ӨТКЕН СОҢ ҮЙІНЕ ТІРІ ОРАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз