adilettv

ШЫМКЕНТ – ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың алғашқы тоқсаны көрсеткендей, қала цифрлық трансформация бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты.
Есепті кезеңде Smart City көрсеткіші 76 пайыздан 82 пайызға дейін өсіп, 6 пайыздық оң динамика тіркелді. Бұл нәтиже Шымкенттің республика бойынша 3-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Ашық үкімет» көрсеткіші 100 пайызға жетіп, толық ашықтық қамтамасыз етілді.
Цифрлық шешімдерді енгізу бағытында да нақты ілгерілеу бар. Documentolog жүйесі 381 мекемеде енгізіліп, қамту деңгейі 90 пайызға жетті. Денсаулық сақтау саласында PULS AI және CEREBRA AI жобалары іске қосылып, медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігі артты. Әлеуметтік қызметтерді цифрландыру аясында 103 қызмет онлайн форматқа көшірілді.
Қаланың цифрлық инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 3 100 бейнебақылау камерасы орнатылып, 5 дрон арқылы мониторинг жүргізілуде. 161 мектеп жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылып, 38 қоғамдық орында тегін Wi-Fi желісі іске қосылған.
Байланыс инфрақұрылымы да нығая түсті. Мобильді базалық станциялар саны 1 752-ге жетіп, осал байланыс аймақтары қысқарды. Оның ішінде 373 станция 5G желісінде жұмыс істеуде. Жалпы алғанда, Шымкент қаласы цифрландыру бағытында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналып келеді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР БАҚЫЛАУДА

AdiletTV

Шымкентте кибербуллингке қарсы Халықаралық күніне орай іс-шара өтті

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКПАР СОҢЫ ТӨБЕЛЕСКЕ ҰЛАСТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз