29.3 C
Shymkent
20 мая, 2026
adilettv

АЛМАТЫДАҒЫ КИНОТЕАТРДА ПОПКОРНҒА ҚАҚАЛҒАН 29 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЗ ЖҰМДЫ

Алматы қаласындағы кинотеатрлардың бірінде болған қайғылы жағдай жұртшылықты алаңдатты. 29 жастағы жігіт кино көру кезінде попкорнға қақалып, көз жұмған. Оқиға 17 мамыр күні Forum Almaty сауда-ойын сауық орталығындағы кинотеатрда болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жігіттің есімі — Ғани. Ол Түркістан облысы тумасы болған. Сол күні ол сыныптас қызымен бірге кино көруге барған. Әдеттегідей, сеанс басталар алдында попкорн сатып алып, кино залына кірген.

Туыстарының сөзінше, попкорн жеп отырған сәтте Ғани қақалып қалған. Алғашында ол дәретханаға барып құсып келгеннен кейін жағдайы жақсарғанын айтқан. Алайда арада біраз уақыт өткен соң қайтадан өзін жайсыз сезіне бастаған.

— «Тамағым жыбырлап тұр» деп қайта-қайта айтқан. Кейін «жүрегім қысылып тұр» деп сырт киімін жанындағы қызға ұстатып, өзі құлап қалған. Қасындағылар жүрегі ұстап қалды деп ойлап, алғашқы көмекті сол бағытта көрсеткен. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды, — дейді марқұмның жақындары.

Қайғылы оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұндай жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін халықтың көбі біле бермейтінін айтып, дабыл қағуда. Марқұмның туыстары да қасында тұншығу кезінде дұрыс әрекет етуді білетін адам болғанда, Ғаниды аман алып қалуға мүмкіндік болар ма еді деп қапаланып отыр.

Мамандардың айтуынша, адам тамаққа қақалған кезде ең маңыздысы — уақыт жоғалтпай дұрыс алғашқы көмек көрсету. Мұндай сәтте бірнеше минуттың өзі адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Дәрігерлер тыныс жолына бөгде зат тұрып қалған жағдайда дереу жедел жәрдем шақырып, арнайы алғашқы көмек әдістерін қолдану қажет екенін ескертеді.

Бұл қайғылы жағдай қоғамда алғашқы медициналық көмек көрсету мәдениетінің маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, мектептерде, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: на опорном пункте №40 Енбекшинского районного управления полиции количество лиц, поставленных на профилактический учет в объеме 10 месяцев 45.

AdiletTV

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

AdiletTV

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз