28.3 C
Shymkent
22 августа, 2026
adilettv

БЕСТӨБЕ ШАХТАСЫНДА ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты.

Соққы салдарынан зардап шеккендер оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта қаза тапқандардың жеке басын және оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Аталған факті бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, күзетілетін нысанға заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі таңда іске қатысты барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮКІМЕТ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ АҚША ЖЫМҚЫРУ ӘРЕКЕТІН АНЫҚТАДЫ

AdiletTV

ТӘРТІП САҚШЫЛАРҒА  137 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

AdiletTV

ЕЛІМІЗДЕ КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП «ИНВЕСТИЦИЯҒА ТАПСЫРЫС» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз