24.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
adilettv

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға құқық қорғау саласының өкілдері мен жастар арасында танымал тұлғалар қатысып, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алма Нұрмағанбетқызы Сатқанбаева, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Гульвира Төлепбергенқызы Бектемисова және «Jaidarman ТОР 2025» жоғары лигасының чемпионы, «Ақбұлақ» жайдарман командасының мүшесі Досан Бейбітшілұлы Әбу қатысты.


Кездесу барысында қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кибербуллинг, нашақорлық пен құқық бұзушылықтың зияны сынды өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Шара барысында Алма Нұрмағанбетқызы жастарға заң талаптарын білу — әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Ол құқықтық сауаттылықтың қоғам тұрақтылығы мен ел болашағы үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, жастарды адалдыққа, жауапкершілікке және заңды құрметтеуге шақырды.
Өз кезегінде полиция майоры Гульвира Төлепбергенқызы қазіргі таңда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айтты. Сонымен қатар жастарға әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік және тәртіп мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Кездесудің ерекше бөлігінің бірі — жастар арасында кеңінен танымал жайдарманшы Досан Бейбітшілұлы Әбудің еркін форматтағы әңгімесі болды. Ол жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жетудің басты жолы — тәртіп, білім және еңбек екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды уақытты тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға және елдің дамуына үлес қосатын саналы азамат болуға үндеді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен жиын жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне ықпал етті.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Шара соңында ұйымдастырушылар қоғамда заң мен тәртіпті нығайту — баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, жастарды ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН ОТБАСЫ: АҒАСЫ НАУРЫЗ БЕН ҚАРЫНДАСЫ МИРАМГҮЛДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ЖЕДЕЛ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАСЫ БОЛУҒА ТИІС»

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» тақырыбында “Ашық есік күні» өткізілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз