adilettv

«ӨРЛЕУ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАМДАДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов жұмыс сапарымен Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институтына барып, филиал қызметіне кешенді мониторинг жүргізді.
Сапар барысында ол институт ұжымымен және тренерлермен кездесіп, педагогтердің кәсіби дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ оқу кабинеттерін аралап, материалдық-техникалық базамен танысты. Филиал директоры Қайсар Нұрлыбаев институттың қызмет қорытындылары, өңірлік ерекшеліктері мен алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.

Кездесуде педагогтерді «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы аттестаттау барысына ерекше назар аударылды. Талдау нәтижесіне сәйкес, білімін бағалау рәсімінен сәтті өткен педагогтердің басым бөлігі аттестаттауға өтініш бергенімен, Алматы облысында өтініштердің 43,5 пайызы, Жетісу облысында 34,8 пайызы әлі де комиссия қарауында.
Осыған байланысты Ғалымжан Алматов комиссиялардың жұмысын жеделдетуді, Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтерін уақытылы жаңартуды және өңірлік білім басқармаларымен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар педагогтер мен комиссия мүшелеріне арналған бірыңғай алгоритмдер мен негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарды «Ұстаз» платформасына қолжетімді форматта орналастыру қажеттігін атап өтті.
Жиында педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары да сараланды. Мемлекеттік тапсырыс аясында Алматы облысында жоспарланған педагогтердің 46 пайызы, Жетісу облысында 45,4 пайызы курстан өткен. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша екі өңірде де жоспар толық орындалған.
Кездесу барысында Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институтының филиалын Қонаев қаласына көшіру жоспары да жария етілді. Бұл шешім өңір педагогтері үшін институт қызметінің қолжетімділігін арттырып, филиал жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған.
Басқарма төрағасы сұранысқа ие жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, ақылы білім беру қызметтерінің тиімділігін арттыруды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді тәжірибеге кеңінен енгізуді және функционалдық сауаттылық бағытындағы жобаларды уақытылы іске асыруды тапсырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда лаундж-бар қызметкері жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» сатып жүрген

ШЫМКЕНТ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ №40 тірек пунктінде 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 45.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз