15.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Полиция Регион Түркістан

Түркістан облысында көлігінің нөмірін шүберекпен жапқан жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Түркістан облысында айыппұлдан жалтармақ болған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Түркістан облысында айыппұлдан жалтару мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін шүберекпен әдейі жауып алған жүргізуші жауапқа тартылды. Құқық бұзушылық Шымкент – Самара тасжолында тіркеліп, оны жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтады.

Toyota автокөлігімен Сарыағаштан Түркістанға қарай келе жатқан жүргізушінің Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Жинақталған материалдар сотқа жолданып, жүргізуші кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар оның жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін алты рет бұзғаны белгілі болды.

Түркістан облысында полицейлер заманауи бақылау жүйелері арқылы жолдағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

21 МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТ БЕРІЛДІ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Admin

ШАРДАРАДА ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНДІРУГЕ АТСАЛЫСПАҚ

Пікір қалдырыңыз