19.1 C
Shymkent
14 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ СОТЫ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы ауданы 1 028 шаршы метрді құрайтын Төлеби аудандық сотының жаңа екі қабатты ғимаратының құрылысы аяқталды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов қатысты.
Сөз сөйлегендер сот инфрақұрылымын дамытудың басты мақсаты — ең алдымен, сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.
Жаңа ғимаратта үш сот отырысы залы, медиация кабинеті, азаматтарға қызмет көрсетуге арналған фронт-офис қарастырылған, сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.
Ғимарат сот процестерін аудио және бейнежазбаға түсірудің, ақпараттық қауіпсіздіктің және өрт қауіпсіздігінің заманауи жүйелерімен жабдықталған.
1981 жылы салынған бұрынғы сот ғимараты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеді. Оның жалпы ауданы небәрі 575 шаршы метрді құраса, норматив бойынша қажетті аумақ 979,8 шаршы метрді құрады. Үй-жайлардың жеткіліксіздігі соттың жұмысына кедергі келтіріп, келушілерге қолайсыздық туғызды.
Жаңа ғимараттың ашылуы сот жұмысына қолайлы жағдай жасауға, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда крипто алмасуды жасаушылар ұсталды: олар заңсыз түрде миллион доллар табыс тапты

ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА: СОТ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРУДЕ

Admin

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН СӨЗ ЕТТІ

Admin

Пікір қалдырыңыз