Білім беру саласында қордаланған мәселелер мен сот даулары қоғамның алаңдаушылығын туғызып отыр.
Атап айтқанда, мектеп басшылары мен білім басқармасы өкілдерінің арасындағы сот процестері жұртшылықтың назарын аударуда. Ардагер педагогтың айтуынша, мұндай жағдайлар қоғамда түрлі пікір қалыптастырып, наразылықтың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ол білім саласындағы ахуалға жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударып, қалыптасқан жағдайға қатысты тиісті шара қабылдауы қажет деп санайды.
