21.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам Регион Редактор таңдауы Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Шардара қаласында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі және Шардара орман шаруашылығы мекемесіне 60 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

«Абай» мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, орман шаруашылығы саласының ардагерлері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйлеп, табиғи байлықтарды қорғау мен орман қорын молайту жолында еңбек етіп жүрген сала мамандарын және сала ардагерлерін мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара барысында орман шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан өңірдегі бірқатар қызметкер төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – орман-шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандардың еңбегін бағалау, табиғи байлықтарды қорғау мен молайту жолында аянбай қызмет етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсету және саланың маңыздылығын насихаттау.
Мерекелік бағдарлама аясында қатысушылар арасында кіші футбол, қол күресі және қошқар көтеру жарыстары ұйымдастырылды. Спорттық сайыстар ұжымдық ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Аталған іс-шара орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін дәріптеуге, сала ардагерлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ Шардара орман шаруашылығы мекемесінің 60 жылдық тарихын ұлықтауға бағытталған.
Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

admin

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз