21.3 C
Shymkent
19 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Өңір Регион Түркістан

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҚҚАН ӨРТ ТОЛЫҚ СӨНДІРІЛДІ

Сағат 08:14-те Кентау қаласы, Төле би көшесіндегі үш қабатты, 14 пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минут ішінде жетті. ТЖД күштері 32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Өрт 250 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Орын алған жағдай облыс басшысының жеке қадағалауында.
Оқиға орнына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З. Жолдасов, Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов, құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары барып, қалыптасқан жағдаймен танысты.
Қазіргі уақытта өрт салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде. Өрттің шығу себептері тиісті мамандар тарапынан анықталуда. Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала берген мәліметінше, жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлер зардап шеккен.
Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен барлық тиісті қызметтер бірлескен жұмыстар жүргізуде. Қажетті көмек толық көлемде көрсетілетін болады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Admin

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Admin

ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН-ШӘУІЛДІР» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Пікір қалдырыңыз