adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Шымкент

Мандат үшін күрес: Шымкент мәслихатындағы бір орынға төрт үміткерден таласады

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Бірмандатты сайлау округтері бойынша 55 үміткер тіркелген. Партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттар арасында да бәсекелестік жоғары болмақ.

Шымкентте қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары жарияланды. Бірмандатты сайлау округтері бойынша 55 адам тіркеуден өткен. Осылайша, орта есеппен бір депутаттық мандатқа төрт үміткерден келеді.

Алайда сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің саны бұдан әлдеқайда көп болған. Қалалық орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, кандидаттарды ұсыну кезеңінен кейін тоғыз адам өз кандидатурасын өз еркімен қайтарып алған.

Бұдан бөлек, бірнеше үміткер тіркеуден өте алмады. Бір кандидатқа сайлауалды үгіт жүргізу талаптарын бұзғаны үшін тіркеуден бас тартылса, тағы бір үміткердің кандидатурасы Құрылтайдың партиялық тізімінде болуына байланысты қабылданбаған. Сондай-ақ үш кандидат белгіленген сайлау жарнасын төлемегендіктен, сайлау науқанына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар арасында да бәсекелестік жоғары болмақ. Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше, бес саяси партия жалпы саны 58 адамнан тұратын кандидаттар тізімін ұсынған. Олар — «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ» және Respublica партиялары.

Партиялық тізімдерде заңнамада көзделген гендерлік және жастар квотасы да сақталған. Атап айтқанда, тізім құрамының кемінде 30 пайызы әйелдер мен жастардан жасақталған.

Айта кетейік, Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 35,8 млрд теңге бөлінген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОРЛОВ ШАХТАСЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: БІР КЕНШІ ҚАЗА ТАПТЫ

Admin

ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫНАТЫН 4 СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БІРІ АРЫСТА БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Admin

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АДАМДЫ ӨЛТІРДІ ДЕЛІНГЕН КҮДІКТІГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ШЫҚТЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз