adilettv

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АДАМДЫ ӨЛТІРДІ ДЕЛІНГЕН КҮДІКТІГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ШЫҚТЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды”, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының экономикалық дамуы: 2024 және 2025 жылдардың тиісті кезеңдеріне салыстырмалы талдауы

AdiletTV

Шымкент қаласы: Жыл басынан бері интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

AdiletTV

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз